Балалар салған суреттер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті "Қазпошта" акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, "Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері" тақырыбында "Балалар сурет салады" айтты төрт марка топтамасын айналымға енгізу салтанатын өткізді.
07af72b5cca1834c11a1eb5cd5b2784dБалалардың құқығын қорғау комитеті балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында "Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері" тақырыбында сурет салу байқауын ұйымдастырған-ды. Байқау Қазақстан Республикасының балалар құқығын қорғау туралы конвенцияны ратификациялаудың 20 жылдығымен ұштастырылды. Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінен 200-ден астам сурет келіп түсті. "Қазпошта"АҚ  байқау жеңімпаздарының суреттерін пайдалана отырып, "Балалар сурет салады" атты төрт марка топтамасын шығарды. Байқаудың қорытындысы бойынша Жамбыл облысынан Дмитрий Талипов, Батыс Қазақстан облысынан Эльвира Муштубаева, Қостанай облысынан Александр Сидоров, Астана қаласынан Раиса Василенко жеңімпаз атанды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓