Қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.наресте
Оқиға бүгін облыс орталығында болған. Гүлнұр Мейрамқызы есімді қала тұрғынының сөзінше, Қостанайдағы «Олимп» сауықтыру кешенінің маңындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеді. Нәресте ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр. Ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий растады.
«Нәресте ауыр халде түсті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиған жоқ. Оны қоқыс жәшігінен полицейлер алып шыққан», – деді аурухананың бас дәрігері.
Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓