Еңбегі еленіп…

vysockaya-nagrada-20150110204540Қанша уақыт өтсе де, қоғам бейнесі өзгерсе де еңбек адамын құрметтеу, олардың сіңірген еңбегін ескеру – үлкен мәртебе болып табылары сөзсіз.  Сондықтан  да еңбек адамы  қандай құрмет, марапатқа ие болса да жарасады.  Сондай  жандардың бірі – Ұзақбай Ағайдаров. Ұзынкөл ауданындағы  "Тойсай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып отырған Ұзақбай Ағайдаровты тек аудан ғана емес, облыс жұртшылығы  да жақ-сы  таниды, біледі. Көп жылдардан бері осы серіктестікті басқарып,  жақсы көрсеткіштерге жетіп, ауданның, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, соның ішінде ауылшаруашылығына өзіндік үлес қосып отырған  Новопокров селолық округіндегі шаруашылықтың бірі деп айтуға болады. Міне, осы Ұзақбай ағамыз  көп жылғы  еңбегі үшін жаңа жыл қарсаңында  Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының бірі "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
СУРЕТТЕ: Ұзақбай Ағайдаров.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓