Қайтып келу деген түсінік мүлде болмасын

Мұндай жағдай кейінгі кезде көбейіп бара жатыр. Осының салдарынан ажырасу да көп. Жастар сәл қиындыққа шыдамай, қит етсе ажырасамыз дейтін болған.  Сіз қызыңызды бірден қайтарып жібергеніңіз дұрыс болған. Онымен қоса енді қайтып келмеуін айтып қана қоймай, талап етіңіз. Бұл жерде мүмкін енесімен араларында бір түсінбестік болып жүрген шығар. Қызыңызға ақыл қосыңыз. Барған жеріне тастай батып, судай сіңсін.
527439fa0506680f041817c4Енді оның өз отбасы бар. Сол отбасының түтінін түтетуге міндетті. Жас болған соң үйрене алмай жүр-ау. Десе де, жас келінге демеу беретін – ене. Бүгінде өзім үбірлі-шүбірлі мәуелі бәйтеректей әжемін. Алты келінім, күйеу балам бар. Немере келіндерді де көрдік. Өз басымнан да, олардың бастарынан да небір жағдайлар өтті. Бірақ қызға бағыт беретін алдымен анасы. Қыз бала анасының сөзін сөйлейді. Қызыңыз тұрмыс құрған екен, оған бұрынғыдай еркелетіп емес, сәл қаттырақ қараңыз. Әркімнің сөзін тере бермесін. Енесі айтса жаймен түсіндірсін. Ортақ тіл табуға тырыссын. Үйге қайтып келу, ажырасу деген түсінік мүлде болмасын. Уақыт өте келе, балалы-шағалы болған соң бәрі өз орнына келеді. Уайымға салынбаңыз.
Күлдірайхан БИЖАН,
көпбалалы ана.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓