Сіз де тоқып көріңіз

Әріптесіміз Ұлту Жүзбай бүгіндері үйде бала күту демалысында отыр. Өткен жылы екінші рет ана атанған болатын. Нәрестенің есімін Медина деп қойды. Ол үй жұмысы мен бала тәрбиесінен бөлек өзіне ермек тауып алыпты. Көк базардан түрлі-түсті жіп сатып алып, одан әдемі тақия тоқуда.  Сәнді әрі жылы бас киім  ерекше көзге түседі. Бір тақияны тоқуға 200-300 грамм жіп, имек немесе білтегеш керек екен.
шап
 
Жақсыдан үйрен
Шебер қолдан шыққан бұйым
Ұлболған Аяғанова тоқыма өнеріне бала күнінен жақын. Қолөнер бұйымдарын өзі жасап, күнделікті тұрмыста қолданады. Күні бүгінге дейін келіні Айман мен немересі Мәликаға көйлек тоқып береді.
– Біздің балалық шағымыз өте қиын болды. Соғыс-тан кейінгі елдің тұрмысы айтпаса да түсінікті. Киім-кешек өз алдына, ойыншық тапшы еді. Адамнан айла артылған ба?! Қолдан қуыршақ жасап алдым. Әдемі ойыншығымды көрген орыс қыздары маған имек сыйлады. Сол күннен бастап имекпен тоқуды үйрендім,– дейді Ұлбол-ған Аяғанова.
Кейіпкеріміз көршілес Ресейдің Қорған облысында туған. Аталмыш елде білім алды. Интернатта оқып жүрген кезінде қасындағы қыздар далаға серуендеп кетеді екен. Ұлболған апай қыздарға еріп шығайын десе, аяққа киер пима жоқ. Амалсыз жалғыз қалып қояды. Іші пысқан апайымыз тоқыма тоқуды жалғастырған. Уақыт өте көз сүйсіндірер бұйымдарын мектептегі көрмеге қойыпты. Қаршадай қыздың өнеріне сүйсінген жұрт тапсырыс бере бастайды.
Ұлболған апай қазіргі күні Қостанай қаласында тұрады. Жасы – 68 де. Бір көзі нашар көреді. Соған қарамастан тоқыма өнерін тастаған емес. Үйге керекті бұйымдар, көрпе-жастықты өзі жасайды. Балаларына  киім тоқып кигізеді. Сүйікті немересі Мәликаның концерттік көйлектеріне дейін өз қолымен тігеді. Елде жоқ ерекше көйлекті кигенде Мәлика да, әжесі де мәз.
 
 
Керек кеңес
Костюмді  қалай кию керек?
1. Егер сiз костюм кисеңiз, әрдайым галстук тағыңыз. Іскерлік костюмді галстуксiз кимейді.
2. Костюммен киетiн жейде  ұзын жеңді болуы керек. Қысқа жеңдi  жейденi іскер  жағдайда  кигенiңiз дұрыс болмайды. Себебі пиджак жеңінiң     астынан жейденiң ман-жеттерi 1.5-2 cм. көрiніп тұрмаса, бұл әдемi болып саналмайды.
3. Галстук байланған күйде төменгi ұшымен шалбардың белбеуіне тиіп тұруы тиiс.
4. Галстуктің ені пиджактың қайырмаларымен бірдей болуы керек.
5. Галстук костюмнiң түсiнен ашық және жейдеден қанығырақ болуы тиiс.
 
Аяқ киім  күтімі
 
– Егер қысқы аяқ киіміңіз тайғақ болса табанына медициналық лейкопластырь жабыстыруға болады;
– Аяқ киімдерді сатып алғандағы қорабына сақтаған дұрыс;
– Лакталған аяқ киімді жаңбырлы күні кисеңіз тез тозады. Жаңа лакталған аяқ киімді сүтке батырылған жұмсақ шүберекпен сүртіп, пияз кесіндісімен ысқылап, тағы да шүберекпен құрғатыңыз.
– Су аяқ киімді пешке жайып кептіруден аулақ болыңыз. Себебі, былғары тез тозып, қатайып, жарылып кетеді. Аяқ киімді құрғақ жерде, ішіне газеттерді тығындап кептіріңіз.

 

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    саламатсызба тоқып көрсетілуі жоқпа?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓