Ісмер

Оның қолынан шыққан бұйымдардың, түрлі ою-өрнектердің өзі, бір-біріне ұқсамайтын сәнділігімен көз тартады. Күні бойы тапжылмай отырып, он саусағы майысқан тігінші шебердің, келістіріп тіккен оюлы көрпе, шабадандарына құрметпен қарап, еңбегін бағалауға болады. Анар осыдан он жыл бұрын Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің тігінші мамандығын бітіріпті. Ол күн сайынғы қабылдайтын тапсырысқа жауапкершілікпен қарайды. Әртүрлі маталарды пішу, оны қонымды етіп тіге білу ізденісі мол, көз майын тауысатын шығармашылық еңбек. Ал, бүгінгі заманда бағасы қымбат, жібек кездеме-маталар түрлерінен тапсырыс беретін апа-әжелер мен қыз-келіншектердің тал-ғамы өте жоғары. Олар Анардың әдемілеп қиюластырып, сәндеп тігіп берген киімдері мен көрпе-жастықтарына ал-ғыстарын айтуда.
Тұтынушыларды жылы жымиып қабылдайтын Анардың тігін орны көпшіліктің сенімінен шыққан, олардың тұрақты тапсырыс берушілері жетіп артылады.
– Қай адам болсын бой-келбетіне үйлесімді, жыл мезгілдеріне сай жарасымды киім кигенді ұнатады емес пе? Киім тігуге бізге келіп, тапсырыс беретіндер көп. Адамдардың жас ерекшелігін ескеріп, тіккен киімдеріміздің сапалы болғаны бізге де абырой. Тапсырыс берушіге жақсы көңіл-күй сыйлау біздің мақсатымыз, – дейді өз ісінің маманы Анар Төкебаева.
Істер деген не?
Шебер, мастер