КҮЛЕМІЗ БЕ?

Орыс, қазақ, өзбек, еврей тікұшақпен ұшып келе жатады. Сөйтіп тікұшақтан бір ақау табылып, ұшқыш апат-қа ұшырағаны туралы жо- лаушыларына ескертеді. Сонда өзбек:
– Менің жанұям бар, маған өлуге болмайды, – дейді де үш парашюттің біреуін алып, секіріп кетеді.
Еврейдің миы қатты істесе керек ол:
– Осының бәрін ойлап тап-қан мен ғой, – деп тағы біреу-ін алады. Соңғы орыс:
– Мынаны сен ала ғой, – деп қазаққа сөйлейді. Қазақ:
– Сен ше? – десе,
Орыс:
– Менде бар, жаңа еврейге құр сөмке ұстатып жібердім. Оның миы қатты істейді ғой, жолда бірдеңе ойлап табар, – депті.
 
photo* * *
– Жаным, мен айфон ал-ғым келіп жүр.
– Күнім, менің алып бергенімді қалайсың ба?
– Шын ба, иә, әрине.
– Онда қазір қолым бос емес, 30 ақпан күні алып берейін.
– Уау, рақмет, сені қатты жақсы көремін ғой.
 
* * *
– Балалар еш уақытта қолдарыңмен ұстап, түсін түстеп көрмеген нәрсені бар деп айтпаңдар. Мысалы, Архат, махаббат сезімі бар ма?
– Жоқ.
Осы кезде артқы партада отырған Қуаныш қол көтерді. Ұстаз:
– Қуаныш сенің алып-қосарың бар ма?
– Дария апай, Архатқа сұрақ қойсам бола ма?
– Жақсы.  Қой.
– Архат, сен біздің Дария апайдың миын көріп тұрсың ба?
– Жоқ.
– Яғни, бұл не деген сөз?..
 
* * *
Сабақ өтіп жатыр. Мұғалім үй жұмысын тексеріп жатқан кез:
– Асан, сен неге үй жұмысын орындамадың?
– Аяғымды шығарып алдым.
– Отыр, екі.
– Үсен, сен неге үй жұмысын орындаған жоқсың?
 – Әжем ауырып қалды.
– Отыр, екі.
– Ал, Арман, сен ше? Үй жұмысын неге орындамадың?
– Зонадан ағам келді.
– Мені ағаңмен қорқытпай-ақ қой, отыр үш.
 
* * *
Білім ошағының қасынан жетектесіп өтіп бара жат-қан әкесі баласынан – балам, сен осы мектепте окисың ба? – деп сұраған екен. Баласының бас изегенін көрген әкесі кеудесін кере, үлкен мақтанышпен "20 жыл бұрын мен де осында оқыған едім" – дейді. Сонда баласы: "Бәсе, мектеп директорының "сен сияқты есалаңды көрме-генiме 20 жыл болды" деп айқайлауының себебін енді түсіндім", – деген екен.
 
* * *
Әйелінің мысығынан құтылайын деген күйеуі оны қапқа салып, екі шақырым жерге апарып тастайды. Үйіне келсе, мысығы үйінде жүр екен. Ызаланған күйеуі әлгіні тағы да қапқа салып, 2 шақырым оңға, 5 шақырым тіке, 10 шақырым солға жүріп, жеткен жеріне тастап кетеді. Сөйтіп, шамалы уақыттасын әйеліне звондап мысығын сұрайды. Әйелі мысықты үйде десе, күйеуі – берші албастыға жолды сұрайын – деген екен.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓