Сәнияның тәттілері

Мына суреттегі Сәния Ермекбаеваның қолынан шыққан тәттілері тіл үйіреді. Ол тек отбасына ғана пісіріп қоймай, енді сатылымға да шығарыпты.
Сәния екі баланың анасы. Бүгінде бала күтіміне байла-нысты үйде отыр. Үйде отырған жас келіншек үнемі жақындарын тәттілерімен қуантқанды ұнатады. Асүйден шыққан тәтті иіс мұрынды жарады. Екі ұлы Нұржалғас пен Әлімғазы аналарының қасынан шықпай айналшықтап жүргені. Сәнияның дастарқанынан дәм татқандар торттарға тапсырыс бере бастапты. Осылайша бірден-бірге тарап, үйге телефон шалып, тапсырыс беретіндер көбейді. Ал бұл дегеніміз табыстың бір көзі. Қыруар ақша таппаса да, үйде отырған жан үшін еңбегінің нәпақасы.Безымянный-2
– Жалпы өзім қыз күнімнен торттарды пісіргенді ұнататынмын. Тұрмыс құрған соң аспаздық өнерім өзіме көмек болды. Пысық келіншек атанып та үлгердім. Енді ойлап  отырсам осы өнерімді өзім бағаламайды екенмін. Тортымды ұнатқандар тапсырыс беріп жатыр. Өзім сондайда марқайып қаламын, – деп жымияды аспаз келіншек.
Сәнияның ендігі ойы келешекте тәттілер пісіретін шағын наубайхана ашсам дейді. Кім білген бұл үлкен істің бастауы болар.
Сәнияның торт рецептісі.
Қажет заттар:
 ұн – 1,5 стақан;
қант – 2 стақан;
қаймақ –  3 стақан;
 жұмыртқа–  4 дана;
 сірке суымен (уксус) сөндірілген ас содасы – 1,5 шай қасық;
 сары май – 20 г (табаға жағуға);
 какао – 1,5 ас қасық.
1 ст. қант пен жұмыртқаны көпіршітіп, 2 стақан қаймақ, ас содасын қосамыз. Осы қамырға ұн қосып екіге бөліп, біріне какао қосамыз. Бірінші төменгі қабатын пісіріп аламыз. Екінші бөлінген қамырды тағы пісіреміз. Бізде екі дөңгелек күлше пайда болады. Бір дөңгелек күлшенің үстіне екіншісін түрліше кесіп, қалған қант пен қаймақты араластырып әзірленген кремді жаға отырып, орналастырамыз. Үстіне шоколадты ерітіп құямыз.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓