Біздің НҰРАЙ

Бірінші сыныпқа келгенде, Нұрай өз өнерін шыңдай отырып, мектептегі әр түрлі іс-шараларда ән айтып, өнерімен барша жұртты тамсандырды. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала әншілік өнерінен басқа дарындылығын да танытты. Әншілігімен қатар, би өнерімен де айналысады. "Узоры" атты би үйірмесіне қатысып, 1-қазан мерекесінде "Моя семья" композициясын орындады. Осы оқу жылында өзінде де алғырлығымен көзге түсті. "Зерде" республикалық зерттеу және ғылыми-шығармашылық сайысының қалалық кезеңінде "Қазақтың ежелгі баспанасы – киіз үй" тақырыбын зерттеп, жүлделі 3-орынға ие болды. Ғылыми жобаны зерттеуге, тақырыбын ашуға отбасы мүшелері көмектесті. Жобаны қорғау барысында әділ қазыларды, тыңдаушыларды Нұрайдың өз ойын жақсы жеткізуімен, сөздік қорының мол болуымен таңғалдырды. 2014 жылы "Елімнің бақытын тербеткен – тәуелсіздік" атты әдеби байқаудың "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" номина-циясында 1-орынды жеңіп алды. Ол ақын М.Шахановтың Л.Асанова мен Е.Сыпатаевқа қойылған ескерткішті ашардағы "Жар-кентте желтоқсан қырандары" атты өлеңін жүрек шымырлатардай етіп орындады.
Нұрайдың жетістіктері міне осындай. Оның ұстазы ретінде мен де, ата-анасы да көп үміт күтеміз. Нұрайдың әлі биік шыңдардан көрінетіне сеніміміз мол.
Гүлдана АҚМАҒАМБЕТОВА,
№10 орта мектебі.
Қостанай қаласы.