“Ұлттық спорт төрешісі” атағы берілді
Әулиекөл ауданындағы Соснов ауылдық негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Есенеевтің есімі аудан, облыс, тіпті республикаға да кеңінен мәлім десек артық айтқандық болмас. Ол мұндай марапатқа өзінің спортқа деген зор сүйіспеншілігі мен жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеп, спортта елеулі жетістіктерге жеткізгені үшін ие болды.

Жаттықтырушыны бұл атағымен біз де құттықтай отырып, оның атағын шығаратын шәкірттері әлі де көп болсын деп тілейміз!
Қарлығаш
ОСПАНОВА