Оқушылар ардагермен кездесті
"Нұр Отан" партиясы ҚОФ жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының белсенді мүшелері ҰОС-ның ардагерлерімен кездесіп, сұрапыл жылдардың естеліктерін тыңдады.
Аталмыш іс-шара "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында өткен болатын. Кездесуге қаладағы №4 орта мектептің оқушылары қатысты. Шәкірттер Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Михаил Подоляковтың отты жылдар туралы әңгімесін ұйып тыңдады.
– Ұлы Отан соғысы жылдары Жеңісті жақындатуға қостанайлық жауынгерлер де үлесі қосты. Мәселен, біздің облысымызда отыз бір азамат Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар ел үшін, бейбітшілік үшін жан аямай күресті. Отан үшін от кешкен азаматтардың ерлігі ұмытылмауы керек, – деді Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, соғыс ардагері Михаил Подоляков.
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Суретте: соғыс ардагері Михаил Подоляков оқушылардың ортасында.
Суретті түсірген А. ЖҮЗБАЙ.