Имамдар мешітте бас қосты

Жақында Қостанай облыстық "Марал ишан" мешітінде ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбектің төрағалық етуімен жиын болып өтті. Оған аудандар мен қалалардың бас имамдары қатысты.
Өткен жыл өңірдегі мешіт имамдары мен дін қызметкерлері үшін жемісті болды. Облыста шәкірт дайындау, діни мерекелерді тиісті деңгейде ұйымдастыру және басқа да тындырылған жұмыстар аз емес.
Әрине, бұл атқарылған істерді облыстың бас имамы өз сөзінде жан-жақты айтып өтті. Бұл басқосуда үстіміздегі жылы жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлары айқындалды.
asylhanМәселен, биыл облыстағы барлық мешіттердің жанындағы сауат ашу курстары барынша жанданады. Онда жауапты адамдар бекітіліп, әрбір апта сайын есеп беріп тұрады. Сондай-ақ имамдар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, көмекке мұқтаж жандарға тұрақты  түрде қол ұшын беру секілді ізгі мақсаттағы жұмыстар жалғасын таба береді.
Сонымен қатар имамдардың алдында тұрған үлкен ауқымды міндет яғни ислам дініне зардабын тигізетін теріс ағымдардың алдын алу, экстремизмге тосқауыл қою секілді маңызды жұмыстарды атқару жайы да нақтыланды.
Дін қайраткерлері де салауатты өмір салтына бұрынғыша ерекше көңіл бөледі. Осы игі мақсатта түрлі ойындар ұйымдастырып, бұқара арасында насихат жұмыстары күшейтіледі. ҚМДБ-ның барлық  аймақтардағы  өкілдіктердің  алдына қойған үлкен мақсаттарының бірегейі – шәкірт даярлау болып табылады.
Сол себептен еліміздегі діни медреселер мен Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетіне барлық аудандар мен қалалардан талапты шәкірттерді оқыту да дәстүрге айналады.
Көпшілікке мәлім, халықпен жұмыс істеу де имамдардан біліктілікті, жоғары мәдениетті, іскерлікті қажет ететіндігі даусыз. Сондықтан әрбір мешіттерге келіп түскен азаматтардың хаттарына мүмкіндігінше толыққанды жауап беру басты назарда ұсталады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓