Заңсыз тіркеу жарға жығады

Где живешь, там и прописан2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап  мекенжайға  жалған   тір-кеуге тұрған қазақстандықтар  жауапкершілікке тартылады.
 Яғни, азаматтардың шын мәнінде тұрмайтын баспаналарында тіркелуіне тыйым салынатын болады. Жыл басында күшіне енген "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" жаңа кодексінде осындай норма қарастырылған. Заңның басты талабы – өз үйіне адам тіркеуді ақша көзіне айналдырғандар қатарын азайту. Заңға сәйкес, талапты бұзған баспана иелерімен қатар, тіркеу-ге тұрушылар да айыппұл төлейді. Атап айтсақ, тыйымды ескермеген үй иелеріне 5 АЕК, яғни 9910 теңге айыппұл салынады. Заң бұзушылар республика бойынша мекенжай мәліметтері базасы арқылы анықталады.
Облыстық ІІД көші-қон полиция басқармасы халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің аға инспекторы Гүлжанат Көдебаева тұрғылықты мекенжайға жалған тіркеуге тұрғандарға айыппұл салуға қатысты түсінік берді. Инспектордың айтуынша, пәтерде тұрмайтындарды тіркеуге алған пәтер иелеріне айыппұл салу бұрынғы қолданыстағы заңда да болды:
– Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жаңа құжатқа сәйкес, азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен құжат бойынша тіркелген жері екі бөлек болса, яғни үйдің иесі ол үйде тұр-майтын адамды тіркеуге тұрғызса, онда оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.  Сонымен қатар, тір-кеуден шығып 10 күн ішінде бас-қа жерге тіркелмеген азаматтарға ескерту жасалады. Егер он күннен үш айға дейінгі мерзімде басқа жерге тіркелмесе де 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
Бірақ маман тіркеудегі жерден басқа жерде тұрғаны үшін де қазақстандықтарға айыппұл салынатынын айтты.
– Жаңа кодексте үйінде тұрмайтындарды уақытында тіркеуден шығармаған үй иелері-не 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салу бірінші рет енгізілді. Бұрын бұл талап тек заңды тұлғаларға қойылған, қазір жеке тұлғаларға да қолданылып отыр. Мысалы, сіз Арқалық қаласындағы ата-анаңыздың үйінде тіркеуде болып, бірақ Қостанайда тұрып, жұмыс істейтін болсаңыз, жаңа кодекс бойынша да әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлетіледі. Бірақ сіздің ата-анаңызға сізді тіркеуден шығармағаны үшін де айып-пұл салынады. Сонымен қатар, көші-қон полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуде тұрғандарға үнемі рейд жүргізеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері әр пәтерді аралап, барлық адамның мекенжай анықтамасын тексеріп жүрмейді. Егер сіз, көрші үйде бірнеше адам тұрады, күндіз-түні шулап, маза бермейді дегендей шағым түсірсеңіз, онда сол пәтерді тіркеусіз паналаған азаматтарды біз жаңа кодекске сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Яғни, заңда көрсетілген айыппұлды төлейді, – деді Г.Көдебаева.
Жалпы осы тақырып әлеуметтік желілерде де қызу талқылануда. Алайда, күшіне енген Кодекстегі жаңа өзгертулерге онсыз да пәтерден пәтерге көшіп, берекесі қашып жүрген бұқараның келіскісі жоқ. "Өзіміз үйсіз-күйсіз жүргенде тапқан-таянғанымыз айыппұлға кете ме" деп қорқады. Осылай деген Бағлан Ахметов,  бұл  жайтты   әділетсіздікке балап отыр. Ол Қостанайда он жылдан бері оннан астам пәтер жалдаған. Қазір арзан бағаға келісіп, қаладағы жатақханалардың бірінде жары және баласымен тұрып жатқанына бірнеше айдың жүзі болыпты.
Бағлан Ахметов, қала тұрғыны:
– Отбасым, екі балам бар. Өзім де, жолдасым да жоғары білімдіміз. Ол – медицина қызметкері. Өзім – музыкантпын. Мекен етіп жатқан жерде тұрғылықты жер болуы керек деп жатыр. Біз Затобол кентінде тіркеуде тұрмыз. Егер үйдің иесі тұрғылықты жерден шығарам десе, онда қайда баратынымды, не істейтінімді білмеймін.
Шұға                        
             ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓