55 елді мекенге әкім сайланбақ
Облыс әкімі А.Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, жиын барысында ауыл әкімдерін сайлау мәселесі қаралды.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігін мәлімдеген еді. Ал осы жылдың 25 мамырында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды.
Жаңа заңнаманың ережелеріне сәйкес, әкімдікке кандидаттарды ұсыну саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну жолымен жүргізілетін болады. Сондай-ақ, кандидаттыққа қабылдау мерзімі аяқталған күні кемінде 2 кандидатты қала мен аудан әкімдері ұсынатын болады.
«Осы жылдың екінші жартыжылдығында біздің облыста, жаңа заңнамаға сәйкес, 55 ауылдық округ, ауыл, кент әкімдеріне тікелей сайлау өткізу жоспарланып отыр, 147 сайлау учаскесі іске қосылады», – деп мәлімдеді аймақ басшысы.
Кеңес қорытындысында қала және аудан әкімдеріне сайлау өткізуге көмек көрсетуді, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.