Облыс әкімі көңіл айту жеделхатын жолдады
Аймақ басшысы көңіл айту жеделхатын Денис Теннің туған-туыстарына жолдады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құрметті Юрий Александрович және Оксана Алексеевна!
Орны толмас өкініш душар болды – қайғылы оқиға өмірден керемет адамды, жас дарынды спортшыны, еліміздің мақтанышын, Сіздердің ұлдарыныңыз Денисті өмірден алып кетті. Қабырғаны қайыстырған ауыр қазаға байланысты, Сіздерге және туыстарыңызға шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Жақынымызды жоғалту қай-қайсымызға да жеңіл тимейді, алайда ұлдың қазасы – ата-ана үшін ештеңе мен салыстырғысыз қасірет.
Ол Сіздер үшін өмірдің басты мәнісі, тірек, үміт болған еді. Сіздер оған барлық махаббат-мейірімдеріңізді төгіп, қажыр-қайраттарыңыз бен армандарыңызды арнадыңыздар.
Денис қашанда жастықтың, мақсаткерліктің, жеңіске деген құштарлықтың, Отанға деген шынайы махаббаттың жарқын үлгісі болды және болып қала береді. Оның халықаралық спорт аренасындағы жетістіктері Қазақстанға даңқ әперді және соңына ерген жүздеген ұл-қызға өнеге болды. Денистің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, жанымызды жылытып, қайғылы сәттерде қолдау болады деп түсінеміз.
Қостанай облысы әкімі А.Б. Мұхамбетов