Дарханның отбасына пәтер беріледі
Қызмет барысында мерт болған Дархан Базарбаевтың отбасына Қостанай қаласынан пәтер беріледі. Бұл туралы бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов полиция департаментінде өткен жиында мәлім етті.
"Батырымыздың отбасына қала орталығынан бір бөлмелі пәтер беріледі. Бұдан басқа да қолдан келген көмегімізді аямаймыз. Жергілікті ақтарушы билік бұл жайтты назарға алады. Оның қазасы – барша қазақ елінің қайғысы", – деді облыс әкімі.
Жиын барысында борышын атқару кезінде қаза болған полицей Дархан Базарбаевтың атына ІІІ дәрежелі "Айбын" ордені берілді. Марапат батырдың отбасына тапсырылды.Еске салайық, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні Қостанайда қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан мерт болды. Полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалды.