Мас жүргізуші полицейге қарсылық көрсетті

Сарыкөл ауданында мас жүргізуші полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық Кодекстің 380-1 бабында тіркелген.
gai_zholpol11 қаңтар күні әкімшілік полиция қызметкерлері "Мас жүргізуші – қылмыскер" жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде бір кафенің жанында "ВАЗ 2105" маркілі машинаны тоқтатпақ болды. Жүргізуші полицейлердің талаптарын ескермеді. Қашып кетпек болған жүргізушінің соңына түскен полицейлер қызметтік көліктің дабыл жүйесін іске қосты. "ВАЗ 2105" машинасының жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетті. Полицейлер жақын келіп, жүргізушінің сыртқа шығуын сұрап еді, ол тәртіп сақшыларына былапыт сөздер айтып, рульден ұстап алып, шықпай қойды. Полицейлер мас жүргізушіні шығармақ болғанда ол бір полицейге қол жұмсап, погонын жұлып алды. Полицейлер оған күш көрсетіп, өздерінің көлігіне отырғызбақ болғанда, мас жүргізуші аяғымен машинаның шынысын тепкілеп, қарсыласуын қоймады.
Полицейлерге қарсылық көрсеткен осы кенттің 21 жастағы тұрғыны екені анықталды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Атап өтерлік бір жай, өткен жылы облыста 3250 жүргізуші көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Оның басым бөлігі көлікті мас күйінде жүргізгені үшін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓