Елді жерде ұрыдан сақтан
ОІІД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша үйлер мен пәтерлер иелері қарапайым сақтық шараларын жасамай, өздерінің бейқамдықтарымен ұрылардың еркінсуіне жол береді.
Қостанайда Герцен көшесіндегі бір үйдің есігі ашық тұрған пәтеріне кіріп, кіреберістегі киімнің қалтасынан банк картасын ұрлаған жігіт ұсталды. Үй иесі әйел есікті ашық қалдырып, өзі басқа бөлмеде болған. Үйге бөгде біреудің кіргенін байқамаған. Ұры картаны пайдаланып үлгірмей, тәртіп сақшыларының қолына түсті.