Автомобиль жолдары жабылды

13 қаңтар күні облыста қатты жел соғып, қарлы боран болуына байланысты автомобиль жолдарының бірқатары, атап айт-қанда, "Қарабұтақ-Жітіқара-Мүктікөл-Ресей Федерациясымен шекара", Ақтөбе облысының шекарасынан Қостанай қаласына дейінгі "Қарабұтақ-Денисов-Рудный-Қостанай" бағытындағы жол учаскесі жабылып, түстен кейін қайта ашылды. Сондай-ақ "Қостанай-Әулиекөл-Октябрь", "Қостанай-Меңдіқара-Ұзынкөл-Троебрат", "Қостанай-Сарыкөл" бағыттарындағы, сондай-ақ Арқалықтың Ақмола облысымен шекарадағы жол учаскелерінде көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.