Баршамыздың мақсатымыз – ішкі тұрақтылық

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңірімізде баспасөз клубы ашылған еді ғой. Оның алғашқы қонағы болып облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысып, жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдерінің сауалдарына жауап берген-ді. Бүгінгі баспасөз орталығының қонағы ретінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов шақырылды.

IMG_4024н

Әп дегеннен ол журналистерге басқарманың өткен жылы атқарылған жұмыстарына тоқталып, еліміздің Тәуелсіздік алған тұстан бергі оқиғаларын тізбелеп, ішкі саясат жолында жеткен жетістіктерімізді әңгімелеп берді де журналистердің қойған сауалына көшті.

IMG_4036н

– Қазір өзіңіз айтқандай, өңірімізде 124-ке жуық БАҚ ошағы бар,– деді газетіміздің тілшісі. – Солардың тең жартысы жеке адамдарға сатылып жатыр. Күні ертең осы азаматтар өз иелігіндегі газет-журналдарға жеке амбициясын, яғни позициясын жүргізіп, бүгінгі ішкі тұрақтылығымызға кері әсерін тигізбей ме?

IMG_4022н Біз бұл жайтты әбден пысықтадық,– деді басқарма басшысы. – Рас айтасыз, бұған дейін мемлекеттік болып келген басылымдар жекеге өткен соң түр-түсін, ішкі мазмұнын өзгертіп, ішкі саясатымызға антикөзқарас қалыптастыруы әбден мүмкін. Сондықтан да біз бұған немқұрайлы қарамай тек қана 50% акциясын ғана сатуға бел будық. Осы күнге дейін өңіріміз бойынша газет-журнал, телеарналар, ақпараттық сайттар 95% жекеге тиесілі. Олар барлық заңдылықты сақтап отыр.

IMG_3984н

Бұдан кейін Жанділдә Қожахметұлы республикалық партиялардың жергілікті филиалдарымен, ассамблеямен бірлескен жұмыстарға, биыл Жеңістің 70 жылдық торқалы тойы қарсаңында атқарылған істерге тоқталды.

IMG_3994н

Сөз соңында ол:
– Біздің бүгінгі диалогке құрылған басқосуымыздың басты мақсаты –мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын нығайтып, сол жолда еңбек ету,– деді.
IMG_4009нIMG_4001нIMG_3985нIMG_4014н
 
Нұрболат Мешітбаев
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓