Жаңа жұмыс орны ашылды

Жаңа жұмыс орнының кермесін қала әкімі Ғ.Бекмұхамедов қиды.
Орталыққа "HewIeu packard" фирмасының бірнеше кәсіби принтері сатылып алын-ған.
Көрсететін қызметтері: портретті холстқа, пленкаға, фото қағазға шығару, шағын кітапшалар, шежіре, отбасылық фото-кітап, кеңсе құжат бланкалары, арнаулы мерекелер мен тойларға билеттер әзірлеу.
"Ер болсаң – елге пайдаң тисін" деген халық даналығы. Сүгірбай Әбдіхамитұлы алғашқы қадамын қайырымдылық шарасынан бастады. Оған дәлел қаладағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің портреттерін тегін жасап, сыйға тартуы.
Мүмкіндігі шектеулі жан өзімен қоса тағы 2 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Бұл көпке үлгі боларлық іс.
Тың серпінмен іс бастаған жерлесіміздің келешекте кітап, газет-журнал шығару жоспарлары бар.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суретте: қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов орталық жұмысымен танысуда.