“7-20-25”: қорда 466 млр теңге қалды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша белгіленген 1 трлн теңгенің әлі 466 млрд теңгесі игерілген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы мәлім етті.
«Қазақстанда «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын іске асыру жалғасып келеді. Ипотекалық бағдарлама белгіленген лимит – 1 триллион теңгеге жеткенге дейін жұмыс істемек. Бүгінгі таңда жоспарланған 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілді. Демек, «7-20-25» бағдарламасының әлі 466 миллиард теңге резерві бар», – деп жазылған мәліметте.
Ресми дерек бойынша, ең көп ипотекалық қарыз Нұр-Сұлтан қаласында берілген – 212,2 млрд теңгеге 14 232 кредит. 
«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтардың көпшілігі ақшаны үнемдеу үшін және таңдау көп болғандықтан құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді брондауды қалайды. Осы тұста өте мұқият болу керек. Кейбір құрылыс компаниялары сатып алушылардың ақшасын жинап алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының талаптарына сәйкес келмейтін тұрғын үй сатып алудың әр түрлі схемаларын ұсынады. Тұрғын үй сатып алудың бұл жолында ақша жоғалту қаупі бар. Осыған байланысты, азаматтардан әр қадамын таразылап барып қана, шешім қабылдауын сұраймыз», – деліген «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ақпаратында.
Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі «7-20-25» бағдарламасы әрі қарай жалғасуы мүмкін деген ақпарат туралы түсініктеме берді.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓