Тұрақты жұмысқа орналасты

Алихан К-бековТағдыр жазған тауқыметке мойынсынбай, кейбір жандар қабілет-қарымын барынша көрсетуге ұмтылады. Қарасу ауылында тұратын Алихан Көбеков –  сондай жан.
Мүмкіндігі шектеулі Алихан денсаулығы дін аман кезінде техник-электрик маманы болатын. Тағдырдың жазуы болар, осыдан 8 жыл бұрын жүрегі сыр беріп, жұмыстан қол үзуіне тура келді. Қазір ІІІ топтағы мүгедек. Алайда, ол тағдырдың салған жүгіне мойыған емес. Маңдайға жазылған ауыртпалықты қайыспай көтере білді. Мен мүгедекпін деп қарап отырған жоқ. Мүгедек жандарды жұмыспен қамту жәрмеңкесі арқылы тұрақты жұ-мысқа орналасты.
– Жәрмеңкенің өткені қандай жақсы болды. Аудандық орталықтандырылған кітапханаға вахташы болып жұмысқа қабылдандым. Бұл мен үшін аса ауыр жұмыс емес. Жаныма тыныш әрі ыңғайлы, – дейді кейіпкеріміз.
Елбасы биылғы Жолдауында мүгедек жандарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше мән берген болатын. Ол міндеттер міне қарқынды іске асып жатыр.
– Мүгедектер де қоғамның бір мүшесі. Оларды еңбекке тарту мәселесі мемлекет назарында. Осыған сәйкес, кембағал жан Алихан Көбековтың еңбек етуіне жағдай жасадық. Қазір жұмыс істеп жатқанына бір айдан астам уақыт болды. Өзіне жүктелген міндетті лайықты атқаруда, – дейді кітапхана директоры Алефтина Будко.
Алихан үшін енді бір қиындық артта қалды. Ол жаңа әріптестерімен бірге табысты еңбек етуде.
Жаңабай АХМЕТОВ.
Қарасу ауданы.
СУРЕТТЕ: Алихан Көбеков.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓