64 мас жүргізуші ұсталды
Облыстың ішкі істер департаментінің мәліметтеріне қарағанда, облыста 11 күнде 64 мас жүргізуші ұсталған.
Тағы үш жүргізуші мас болып көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мас жүргізушінің кінәсінен 28 жастағы қыз зардап шекті. Оқиға 11 қаңтар күні Аманқарағай кентінде болды. Әулиекөл ауданы Октябрь селосының тұрғыны "Деу Нексия" машинасымен жол жиегінде келе жатқан жүргіншіні соғып кетті. Апаттың салдарынан қыз әртүрлі дене жарақатын алды. Жүргізушінің арақ ішіп алғаны анықталды. Бұрын мас болып көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылса, енді жаңа ережелерге сәйкес мұндай әрекет үшін 90 күнге дейін қамауға алу, белгілі бір лауазымды немесе белгілі бір қызметті атқару құқығынан айыру шаралары қарастырылған.