Жаңа міндеттер жүктелді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекет пен қоғамның тығыз әріптестігін қамтамасыз етуге бағытталған.
01f06573e06763a558811199a91ccc682015 жылдың 9 қаңтарында Департамент басшылығымен облыстағы бас редакторлар және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, өткізді.
Шараны өткізу барысында жаңадан құрылған Агенттіктің негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттері талқыланды. Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Асқар Шоманов БАҚ өкілдерінің ықылас білдірген сұрақтарына жауап беріп, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 26 желтоқсанда бекіткен Қазақстан Республикасының 2015-2025  жылдарға  араналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі мәні туралы түсіндірді.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы  Олжас Жұмабаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін көтеру бойынша бірлескен кешенді іс-шаралар жасауды ұсынды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓