Театрдың экс-директорына үкім кесілді

Сот шешімі бойынша, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының экс-жетекшісі Нұрлан Ерекешев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Іске қатысы бар Гүлзада Бектұрсынова мен Меңсұлу Күлтаева түзету колониясында жеті жыл жазасын өтейді. Енді, темір тордың арғы жағына барғанға дейін, яғни бір ай көлемінде үшеуі келтірілген залал сомасын өтеуі тиіс. Оның көлемі – 163 миллион теңге. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. ерекешевЕстеріңізге салар болсақ, осыған дейінгі сот отырысында есепші Г.Бектұрсынова мен есепші-кассашы М.Күлтаева өз кінәларын мойындап, заңсыз әрееттері үшін өкінетіндіктерін айтқан еді. Мемлекеттік айыптаушы осы деректі есепке алып, екеуінің жаза өтеу мерзімдерін 1 жылға қысқартуды сұрады.  
Ал бұрынғы директор Н.Ерекешев касса қаржысына қол салып, оны жұмсап жібергендігін мойындаған жоқ. Ол кінәнің бәрін бас есепшісінен көруден танбады. Айыптаушы оның кінәдан жалтаруына байланысты 12 жылға бас еркінен айыруды сұрады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓