Ипотекалық қарыз алушыларға көмек

2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі  "Қазақстан   қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ-мен, Алматы қаласы Әкім-дігімен,  "Нұр Отан" партиясымен, қарыз алушылардың мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктермен, жекелеген екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп өзара әрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
ipotekaМеморандумның тараптары кредитор банк алдындағы берешекті біржолғы өтеуге қабілетсіз-дігін құжатпен растаған ипотекалық  қарыз  алушылардың  проб-лемаларын шешудің оңтайлы жолдарын іздестіру бойынша қажетті және ықтимал шараларын қабылдау жөнінде келісімге келді.
Меморандумның мақсаты кредитор банктермен өзара әрекеттесетін ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету және кредитор банктер алдында мерзімі өткен берешегі бар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды кредитор банктермен жылыту маусым кезеңінде баспанасынан шығаруға жол бермеу мәселелерін реттеу (шығару кезінде тұрғын үйдің меншік  иесі  банк  болып табылған жағдайда) болып табылады.
Бұл ретте Меморандум ипотекалық  қарыз  алушылардың   проблемаларын шешу жолдарын іздестіруге бағытталған іс-шаралардың тізбесін айқындайды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓