Еңбектері ерен, есімдері ерек

Жыл сайын облыстық ішкі саясат басқармасы ҚР Мемлекеттік рәміздер күні өңірімізде Патриоттар форумының жеңімпаздарын марапаттау салтанатын дәстүрге айналдырған. Форумның мақсаты – аймағымыздың аудан-қалаларында елжандылығымен көзге түсіп, азаматтық үлгі-өнеге танытып жүрген белсенділерді анықтау әрі олардың жарқын істерін көпшілікке жария ету.
Биылғы мерейлі жылы өңіріміз бойынша 15 адам 10 номинация бойынша Форум жеңімпаздары атанып отыр. Айта кетейік, бұл жолы марапат алушылардың барлығы бірдей облыс орталығына шақырылған жоқ. Шалғай өңірлердегі ерекше есім иелеріне сый-сияпатты жергілікті басшылар табыстайтын болады.

«Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін» – Руслан Бушинский (Қостанай қаласы).
«Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері үшін» – Қайрат Бегенов (Қостанай қаласы).
«Білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін» – Қанат Есенғұлов (Қостанай қаласы), Алтын Молдашева (Рудный қаласы).

«Еңбектегі жетістігі үшін» – Күлай Мұхмеджанова (Қостанай қаласы), Владимир Бондаренко (Денисов ауданы).
«Тарихи-мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін» – Батырлан Сағынтаев (Арқалық), Айжан Ерғазиева (Бейімбет Майлин ауданы).
«Жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді үлес қосқаны үшін» – Амангелді Ахметжанов (Арқалық қаласы).
«Кіші Отанына көрсеткен көмегі үшін» – Гүлсара Жаманқұлова (Жітіқара ауданы).
«Волонтерлік қызметі үшін» – Алдиар Хасенов (Жітіқара ауданы).





Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.