“Тобылдың” құрамы толықты
"Тобыл" футбол клубы Армения құрама командасының жартылай қорғаушысы Карлен Мкртчянмен бір жылдық келісім-шартқа отырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды.
"Пюник" командасының түлегі, 26 жасар К.Мкртчян бұған дейін Украинаның "Металлург", Ресейдің "Анжи" командаларының сапында өнер көрсетті. Ол 2010 жылы "Маусымның ең үздік ойыншысы" атанған. 2013 жылы Еуропа Лигасының топтық кездесуінде "Тромсе" қақпасына соғылған жалғыз доптың авторы осы Карлен Мкртчян болатын. Ол "Пюник" пен "Арарат" арасындағы өткен "алтын матчқа" қатысқан. Сол жолы Карленнің командасы алтын медальді жеңіп алды. К.Мкртчян Армения мен Украина чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. Оның "Армян Гуттузосы" деген лақап аты бар. Әмбебап футболшы қай шепте де өзін еркін сезінеді.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ