Өткізу форматы өзгермейді
Үстіміздегі жылғы 1-15 маусым аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге жүз мыңнан астам мектеп бітіруші қатысады деп күтілуде. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылғы ҰБТ өткізу форматы өзгермейді. Әдеттегідей, Ұлттық бірыңғай тестілеу қазақ немесе орыс тілдерінде бес пән бойынша:қазақ және орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қа-зақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілінде оқытылатын мектептерде), орыс тілі (қазақ тілінде оқы-тылатын мектептерде), таңдау бойынша пән (таңдалған мамандық бойынша, шығармашылық мамандықтарға таңдау пәні – ерікті) тапсырады. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. ҰБТ өткізуге үш жарым астрономиялық сағат (210 минут) беріледі. ҰБТ-ны объективті және ұйымдасқан түрде өткізуді Білім және ғылым министрлігінен арнайы дайындалған өкілдер қамтамасыз етеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілген 11 жылда оған 1 миллион 422 мың адам қатысты. Бұл жалпы мектеп бітірушілер санының 80 пайызы.
Гүлназым
САҒИТОВА