Ардагерлерді құттықтады
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері 91 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ардагерін және бұрынғы әріптестерін құттықтады, деп хабарлады Қостанай облысының ҚАЖ қызметкерлері.
Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлеріне ерекше құрмет пен қамқорлық көрсетілуде. Біздің бұрынғы әріптесіміз (Қостанай қ. УК-161/2 мекемесінде түрлі лауазымдарда 15 жылдан астам уақыт қызмет етті) Александр Дмитриевич Кириченко сұрапыл соғыс жылдарын басынан өткерді, зеңбірек ротасының командирі болды. Соғыс жылдары бес елді: Украина, Беларусь, Литва, Латвия, Эстонияны жаяу жүріп өткен – деп атап өтті облыстық департаменттің бастығы Тілеуберген Көнекбаев.