Темекіні – тәттіге айырбаста!
Осындай тақырыпта Жанкелдин аудандық орталық аурухананың дәрігерлері акция ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – адам өміріне аса зиянды темекіні шегуді тоқтатып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Аталмыш акция аудан әкімдігінен бастау алып, білім ошақтарымен, ішкі істер органдары, халық көп тұрақтайтын жерлерде жалғасын тапты.
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы