«Алтын жастар» анықталды
Қарабалық ауданының өнер мектебінде «Алтын жастар» жобасының он жылдық мерейтойы аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Алмат Исмағұлов арнайы қатысып, түрлі салада көшбасшылық танытып жүрген жастарға қолдау көрсетті.
«Алтын жастар» – «Қостанай облысы жастарының алтын кітабы» іспетті жастарды ынталандыруға арналған жоба. Оған сыйлыққа лайықтымын деген кез келген үміткер қатысып, бағын сынай алады. Жүзден жүйрік шыққан өрендер болса арнайы диплом мен сыйлыққа ие болып, есімдері «Алтын кітапқа» енгізілмек. Биыл жастар 8 номинация бойынша марапатталды. Олар Сергей Гардер (Білім), Сая Мағанбетова (Агроөнеркәсіп кешені), Евгения Демура (Жас көшбасшы), Ержігіт Оралбеков (Аудан үміті), Владимир Казанцев (Спорт), Эхсон Абдуллаев (Отан қорғаушы), Денис Сафьянников (Жыл студенті) және Асан Шектібаев (Мемлекеттік қызметкер). Аудан басшысы жас көшбасшыларды құттықтай отырып, жұмыстарына зор табыс тіледі. Шара соңында ауданның бір топ өнерпазы мерейтой иелеріне концерттік бағдарламасын ұсынды.
Қуаныш Сейдоллаұлы