Би-шешендер айтыпты
"Мал тап, алысқа кет, жалқаулыққа жеңiлмей. Мал арыстанның аузында, Түрiкменнiң төрiнде, табарсың оны қайраттансаң ерiнбей." (Алшағыр би)
"Ер жiгiтке еңбек ар емес, оны көтермеген ер нар емес." (Шоқай би).
"Бiлектiң күшiнде кеткенiңдi, бiлiктiң күшiмен қайтардым. Найзаның ұшында кеткенiңдi, тiлдiң ұшымен қайтардым, – дей келiп, Бөлтiрiк шешен: "Жақсы кәсiп – анық ырыс" – деген.
"Төккен терiң болмаса, елге өкпелеме.". "Елдегiнi ерге бередi, ерге бергенде, төккен терге бередi". (Нақысбек шешен).
"Нағыз бақ еңбектiге бiтедi,Қызыр оның талпынысын күтедi.Ғұмыр үйретiп, данышпан етедi, сүтпен кiрсе, сүйекпен кетедi". (Киiкбай би)
"Тiрлiк басқа болса да, тiлек бiр. Бармақ басқа болса да, бiлек бiр".
"Батырлықтан не пайда,халқына қайран қылмаса" (Төле би).
"Атадан жақсы ұл туса, елiнiң оңы болады" (Қазыбек би).
"Бай болсаң халқыңа пайдаң тисiн, бай болып елге пайдаң тимесе,елден бөтен үйiң күйсiн." (Әйтеке би).
Жiгiт кеселшi болар, әйелi өсекшi болар. Елдiң шынары болмас, кiшiнiң тұрағы болмас. Ел тозып, ығыр болар, ер қажып, тұғыр болар. Баққаны базар болар, айтқаны азан болар. Күндердiң күнiнде, ел бiр жақсыға зар болар,
(Досбол шешен)