Маңызы зор жоба

Аудандық ішкі саясат бөлімі жыл соңында "Әйелдерге психологиялық көмек көрсету" атты маңызы зор әлеуметтік жобаның  бастаушысы болды.  Ал,  осы жобаны ауданымызда 2013 жылы құрылған "Жан нұры" отбасы мен әйелдерге психологиялық көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды. Орталықтың директоры  Римма  Шегенованың айтуынша,  жобаның берері мол.
656_2Жалпы, жоба барысында іс-шараларға  жүз жиырмаға жуық әйел тартылды.  Жақында өткен семинар-тренинг барысында әйелдер өзін-өзі тану, өздерінің жеке тұлғалық қасиеттерін анықтауға бағытталған жаттығулар мен тренингтерге қатысты.  Әлеу-меттік жобаның әйелдер үшін маңызды болғандығы сөзсіз. Өкініштісі, бұл жоба қысқа мерзімдік. Ал іс-шаралар барысында жасалған қорытынды пікіралмасуда қатысушы әйелдер көбінесе осындай жоба жүйелі түрде жыл бойы ұйым- дастырылса деген ұсыныстарын жеткізді. Шынымен, бір-екі  ғана өткізілген кездесуде нақты үлкен психологиялық көмек көрсетуге мүмкіншілік бар ма екен? Ал,  егер психологтық көмек көрсету, анонимді телефон, психологтың тікелей кеңесі,  облыстық немесе аудандық газет бетінен зорлық-зомбылық түрлері туралы, оны бастарынан кешкен әйелдер мен отбасы мүшелеріне көмек көрсету жолдарын айқындау арқылы жыл бойы жүргізілсе деген ой да жоқ емес-ті. Тағы бір назар аударуға қажетті жайт – ол ауданымызда былтырғы жылы   № 2 Ұзынкөл мектебі бір топ мұғалімдерінің қатысуымен, мектеп психологы Р.Шегенованың  басшылығымен құрылған "Жан нұры" отбасы мен әйелдерге психологиялық көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігінің аудандық аудан әкімі жанындағы отбасы және гендерлік саясатты жүзеге асыру комиссиясы қолдауымен әйелдер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіп, оларға деген психологтық көмек көрсете бастады. Нәтижесі де  көз алдымызда. Аудан әйелдерінің белсенділіктері күннен күнге артып келеді. Абай атамыз айтқан: "Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар, қалан!" сөзі Елбасы Н.Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!" Жолдауымен үндеседі. Өйткені Елбасымыздың пікірінше, әр адам ер болсын, әйел болсын, жас ерекшеліктері, тағы басқа айырмашылықтарына қарамастан, ел өміріне өз қабілеттеріне сай орнын тауып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуға    тиіс.
А. ӘМРИНА.
Ұзынкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓