Жұмыссыздар қылмысты жиі жасайды
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының мәліметтеріне қарағанда, облысымызда өткен жылы тіркелген қылмыстың жалпы саны 23 845-ке жеткен, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 9 пайызға кем.
Қылмыс санының азаюы құқық қорғау органдарының мақсатты жұмысының нәтижесі. Дегенмен, өңір 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылық деңгейі бойынша үшінші, тіркелген қылмыстар саны бойынша республикада алтыншы орынды алып отыр.
Басқарма қызметкерлері жүргізген талдауларға қарағанда, 2014 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған 6 875 азаматтың 75 пайызы жұмыссыздар, 20 пайызға жуығы бұрын сотталғандар, сондай-ақ әрбір үшінші қылмыс ішкіліктің кесірінен орын алған. Қыл-мысты қудалау органдарының қылмысты есептен жасыру фактілері әлі де тыйылмай тұр. Ай сайын шамамен есептен жасырылған 35 қылмыс анықталып, есепке алынады. Жыл ішінде прокуратура қызметкерлері 211 қылмыстың есептен жасырылғанын анықтады.
Мнауара Қабдрахметова