Оқушыларға қамқорлық

Әулиекөл ауданы Қаймақкөл ауылы ерекше қуанышқа бөленді. Ауылдағы Тимофеев орта мектебі жаңарып, жөндеуден өтті. Білім ошағының жаңа кейіпке енгеніне барша ауыл тұрғындары, әсіресе оқушылар риза.
461016d65ac7b17c5ada812f4a765517Аталмыш мектеп аудан бойынша үздіктер қатарынан көрініп жүр. Оқушылар түрлі конкурстар, пәндік олимпиадаларда жоғары білім деңгейін көрсетуден танған емес. Ерекше мақтанышпен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Титаренко жаттықтыратын мектеп спортшыларын атап өтуге болар.
– Оқушылар спортқа бейім. Баланың бойындағы бар қабілетті одан әрі дамыту мақсатында еш аянған емеспіз. Жақын арада аудан оқушылары арасында өткен спартакиадада біздің тәрбиеленушілеріміз бірінші орынға ие болды. Шаңғы жарысынан да еш кем емеспіз. Бұл біз үшін ғана емес, барша ауылдықтар үшін мақтаныш екенін айта кеткім келеді, – дейді мектеп директорының орынбасары Ардақ Жылгелдин.
Осындай білім ошағына жөндеу жұмыстары көптен бері қажет болатын. Былтырғы жазда аудандық бюджет есебінен мектеп шатырын жөндеу, электр жүйесін, акт залының төбесін монтаждау жоспарланды. Шатырдың  біркелкі де сәнді болып шығуына  бюджеттен бөлінген қаражат жеткілексіз болып,  ауыл және мектеп жанашырлары көмекке келді. Игі істер бастамасын ауылдағы "Тимофеевка-Агро" ЖШС басшысы Асылбек Құрбанов бастады. Кәсіпкер мектепке қажетті қаражатты бөлді. Соның арқасында жөндеу жұмыстары аяқталып, мектеп жаңарды.
А. ӘБДІЛДӘ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓