Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енді

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әлемде жаңа экономикалық интеграциялық бірлестік өз жұмысына кірісті. 
Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің аумағында құрылып, жақында ғана оған Армения елі қосылған Еуразиялық экономикалық одақты Қазақстан тарихының жаңа парағы десе де болады.
EAES000.2014 жылдың 29 мамырында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа үш мемлекет басшылары Астанада қол қойды. Кейіннен Еуразиялық одақ кеңістігі Армения Республикасымен толығып, «үштік» одақ болып құрылған ұйым, «төрттік» бірлестік ретінде жұмысқа кірісіп отыр.
Айта кетерлігі, тек соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88 пайызға өсіп, 24 млрд. долларлық мөлшерге жеткен. Ресей мен Беларусь еліне қазақстандық экспорт 63 пайызға ұлғайып, 6 млрд. доллар құрады.
Еуразиялық экономикалық одақ – бұл Жер шарының ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі. Бұл – энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестік. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ,  ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге қадам жасап отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓