Бұлақ көрсең, көзін аш!
Жақында Урицкий орта мектебінде пән аралық олимпиада өтті. Оған оқушылар ауылдардан келіп, өз білімдерін сайыста сынады. Сол сияқты Сарыкөл орта мектебінің оқушылары да, өз білімдерін барынша көрсетуге тырысты.
Әр пәннен сұрақтарға жауап беріп, оқыған, тоқыған білімдерін ортаға салды. 2 турдан тұрған олимпиадада оқушылар тиісті балдарын алып, екінші кезеңге де сүрінбей өтіп жатты. Мен де қазақ тілі пәнінен өз білімімді ортаға салып, екінші кезеңге өттім. Мені қазақ тілі пәнінен Тайжанова Балзира апайым өз күшін аямай дайындады.
Жалпы, Сарыкөл орта мектебінде білімін көрсетіп,бірінші орынды жеңіп алған,10-сынып оқушысы Өмірзақ Жанат мадақтама мен сыйлық- тарға ие болып, Қостанай қаласына жолдама алды. Ал екінші орындарға ие болған – биология пәнінен Смағұлова Анар мен Біржанова Раушан, орыс тілінен Сапаров Риза, Бусина Сабина және Еркін Бағдәулет, ал ағылшыннан Шугубаева Айсул мен Сайдалина Гүлмира 2-орындарға ие болды. Сондай-ақ, өзім де осы тұғырдан көріндім. Бәріміз де мадақтама қағаздарымен марапатталдық. Әсіресе, менің қуанышым шексіз болды. Келешекте осындай олимпиадаларға қатысып 1-орын алуға тырысамын.
Мәдина Валиева,
Сарыкөл орта мектебінің 8-сынып оқушысы, жас тілші.