Алтынсарин ауданының құтқарушылары «Мектепке жол» атты акциясын өткізді

Жыл сайын Алтынсарин ауданы өртке қарсы қызмет гарнизонның қызметкерлері «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясын жүргізу аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді. Биылғы жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде Қожабергеновтер отбасының қамқоршылығында тәрбиеленіп жатқан «Мектеп жанындағы интернаты мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі» ММ-нің 7 сынып оқушысы Наталья Ивановна Масленниковаға көмек көрсетті. Жиналған ақша қаражатына мектеп формасы және спорт киіммен, аяқ-киімдер сатып алынды.1  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓