Ән-би шашуы

9 ақпан күні Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты қабырғасында «Квартирник» атты ән-би кеші өтті.
Аталмыш іс-шараға, университет қабырғасында орналасқан «Өнер» және «di vocal» атты студиялардың дарынды жастары қатысты. Студия құрамындағы студенттердің қай-қайсысы да ән айту, би билеудің шеберлері, өзіндік стильдерімен ерекше. Мереке мақсаты – өнерге деген құштарлықты арттыру, сахна құдіретін сезіне білуге үйрету, сондай-ақ, әр жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашу.
Барлық қатысушы өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді тамсандыра білді. Негізі ән мен би өнері-қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Қазақ жұртында сахна өнері, оның ішінде ән- би өнерлері бұрыннан ерекше қошеметке ие. Бұл өнер түрлері талғам мен сезімнің, жинақылық пен нәзіктіліктің көрінісін айшықтайды. Әркімнің ән-биі өзінше ерекше.
Ұйымдастырылған шара негізінде қатысушылар сахна төрінде өз шеберліктері мен тәжірибе үлесімен бөлісе алды. « Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Әрқайсысы бар мүмкіндіктерін паш етіп, тіпті тіл жеткізе алмайтын дүниелерді ән арқылы көрсете білді. Сонымен қатар, сезім мен ой тереңдігін сезіне білдік» дейді шараға қатысушылар.
 
Ділназ Ізтелеуова
3-курс студенті

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓