Саламаттылық – денсаулық кепілі

Елбасы Жолдауында айтылғандай, республика азаматтарының денсаулығын жақсарту арқылы елімізде тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету қажет.
Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алу, болдырмау, халықтың денсаулығын нығайту маңызды. Бұл өз кезегінде халықты саламатты өмір салтын ұстануға бағыттау және санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылық пен саламаттылықты қалыптастыру, халық денсаулығын сақтау мен жақсартудың басты қағидасы.
Бүгінде ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жан-жақты жетіліп, қалыптасып келеді. Мұның өзі тұрғындардың өз денсаулықтарын сақтау жөніндегі жауапкершіліктерін көтеру және медициналық көмектің  қолжетімділігі  мен  сапасын арттыру жөніндегі жүйені тұғырландыра түспек. Бәсекелестікке қабілетті кадр әлеуметін қалыптастыру, инновациялық технологиялар мен өнімдерді әзірлеу және енгізу жүйені жетілдірудің басты жолы.
Денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттерінің бірі – адамның ғұмыр жасын ұзарту мен өлім денгейін төмендетуге ықпал жасау. Бұл жөнінде тұрғындар-ға тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп келеді. Оған диагностика мен емдеудің озық әдістері пайдаланылуда.
Елбасы жолдауында атап көрсетілгендей, адам өмірінің ұзақтығы 2013 жылда 69,5 жасқа , ал 2015 жылда 70 жасқа жету керек.
Жоғары білікті дәрігер кадрларының жетіспеушілігі емхана-ауруханалар қызметіне елеулі әсер етуде. Бұл проблеманы шешу мақсатында дәрігер кадрларды оқытып, практикалық жұмыстарды теориямен ұштастыру қолға алынды.
Елбасының Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында айтылғандай, әрбір Қазақстан азаматы мен азаматшасы ауруды асқындырмай, уақытында медицина мекемелеріне қаралуы тиіс. Дәрігерлер науқастың диагнозын дер кезінде анықтап, ем-домын жасауы керек.
Қуандық СМАҒҰЛОВ,
Арқалық өңірлік ауруханасының бас дәрігері.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓