Аурухананың ахуалы ауыр

Лисаков қаласындағы инфекциялық аурухананың қандай жағдайда екені бұл күндері тұрғындардың бәріне аян болған. Тозығы жеткен, жағдайдан жұрдай мекеме туралы жергілікті баспасөз бірнеше мәрте жазды. Аурухананың оңалтар тұстарын санай жөнелсең, саусағың жетпейді.лиса
Біріншіден, қыс мезгілдерінде ызғып кетеді, екіншіден, палаталар кезек күттірмей жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр. Терезелер мен жиһаздарын жаңаға алмастыру өз алдына…
«Лисаков онлайн» желісінің ақпаратынша, аурухананың бас дәрігері Қазымхан Ізғалиев облыс орталығына тым құрығанда ағымдық жөндеу жүргізу үшін қаржы бөлу қажеттігін алға тартып, өтініш хат жолдаған. Алайда, қаражаттың бөлінер-бөлінбесі әзірге хабарланбапты.
Сорақысы, инфекциялық бөлімшеде және басты корпусында ыстық су жоқ. Ал, орнатылған су жылытқыш құрылғы бұл мәселені шешіп беруге қауһарсыз. Ыстық сумен қамтамасыз етілу үшін, ең әуелі, көнетоз элеватор торабын ауыстыру қажет.су жок
Бұған дейін жергілікті тілшілер жазғандай, ыстық сусыз әрі салқын палатадан ата-аналар балаларын ем-домы аяқталмай жатып үйіне алып кеткен кездер болған.
Тағы да, ауруханаға жаңадан тыныс алдыру аппаратын алу керек, өйткені ескілері жиі істен шығып қала береді. Құрығанда осыған қол жете ме деген үмітпен облысқа кезекті хат жолданған. Хабар жоқ.
2012 жылдан бері тағы бір реанимациялық автокөлік алуға да өтінімдер жазылудай-ақ жазылып келеді екен. «Әйткенмен, алар жауабымыз – үнсіздік» деп кейиді аурухана басшылығы.
 

 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓