Елді ала тайдай бүлдірген…

Арақ адамды аздырады, түзу жолдан тайдырады. Сау басына сақина тілеп алып, сотты болған И.Иванов та ішіп алса өз ісіне есеп беруден қалатын. Сол күні достарымен қосылып арақ ішіп, мас болған  ол Қостанай қаласы ІІБ жедел басқару орталығының 102 тетігіне телефон шалып, ішкі істер басқармасының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Ғимараттағы қызметкерлердің бәрі сыртқа шығарылып, жарылғыш қондырғыны анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Басқарманың жұмыс тәртібі бұзылумен қатар, шығын келді.
Полицейлер көп ұзамай күдіктіні тапты. Иванов кінәсін мойындады. Қостанай қаласының №2 соты оны жалған ақпарат бергені үшін кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. "Үйдегі қамақ" түріндегі бұл жазаны Иванов Қостанай қалалық қылмыстық атқару инспекциясының бақылауымен өтейді. Егер сотталушы инспекцияны хабардар етпестен тұрғылықты жерін өзгертетін болса, рұқсатсыз қаладан сырт жерге кетсе, көңіл көтеретін орындарға барса, сол сияқты басқа да талаптарды орындамаса, бостандығын шектеу жазасы бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылатын болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓