COVID-19: +51
15 қарашада Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 51 адам жұқтырды. Індетке Қостанай қ. – 32 адам, Әулиекөл ауданында -8, Қарабалық ауданында – 6, Жітіқара ауданында – 3, Алтынсарин ауданында 2 адам шалдыққан.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 7 адам профилактикалық мақсатта, 6 адам ауруханаға жоспарлы түрде жатқызудың алдында, 2 адам коронавирус инфекциясы расталған адаммен байланыста болған күдікті ретінде тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 24 адам аурудың симптомды, 27 адам симптомсыз түрімен сырқаттанған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 15 қараша аралығында COVID-19-ды 4315 адам жұқтырған, 3371 адам емделіп шықты.