“Қазақтелеком” АҚ-ның Қостанай филиалы еңбекті қорғау және өндірістік-тұрмыстық жағдайларды жасау жөнінен жеңімпаз атанды

"Қазақтелеком" АҚ филиалдары мен олардың құрылымдық бірліктерінде еңбекті қорғау және өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету бойынша байқау еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау, апаттар және кәсіптік аурулар салдарының алдын-алу жөніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

"Кадрларды даярлау және біліктіліктерін көтеріп отыру, жұмыс жағдайын жасау, қызметкерлерге үнемі қамқорлық танытудың оң қайырымы болатыны сөзсіз. Себебі адамдардың жұмысына деген көңілі көбіне жайлы жағдай мен өндіріс деңгейіне тікелей байланысты, олардың ықыласы жалпы біздің филиалдың дамуына оң әсерін тигізеді", –деді Қостанай облыстық
телекоммуникация Дирекциясының бас директоры Қажымұрат Темірханов.

Қарапайым мамандықтардың иелері – монтерлер мен кәбілшілер үшін бірегей оқу полигоны жасалды. Мұнда олар дәстүрлі сым желілерімен ғана емес, оптикалық талшықтармен де тәжірибелік жұмыстар жасап, өз біліктіліктерін көтереді. Коммерциялық және техникалық блоктардың қызметкерлері үшін заманауи құралдармен жабдықталған оқу сыныптары ұйымдастырылды.
Әлеуметтік жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында Қостанай ОТД еңбекті қорғау және өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету жөнінен екі жыл қатарынан бірінші жүлдені қанжығасына байлады.