Жеңімпаздар марапатталды

Сайыстың ұйымдастырушылары облыстық ТЖД және білім басқармасы.
Конкурсқа облыстың 226 мектебі мен 11 колледжінен төтенше жағдайлар тақырыбына 3 мыңнан астам жұмыс: суреттер, үнпарақтар, макеттер, фото және бейне материалдар, өлеңдер мен шығармалар, шебер қолдар туындылары ұсынылды. Облыстық конкурстың жеңімпаздары салтанатты жағдайда ұйымдастырушылардың грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.