Жұмақан ҚАСЫМХАНОВ, қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы: Палуандарымыздың несібесі мол болсын!
Өтіп бара жатқан жыл біз үшін жаман болған жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Қостанайлық қазақ күресінің шеберлері түрлі халықаралық жарыстарда олжа салды. Мәселен, Абылайхан Қасымхан мен Іңкәр Қайсар ел біріншілігінде күміс жүлдені жеңіп алды. Тағы бір спортшымыз Сержан Теміржанов V-ші халық ойындарында екінші орынды иеленді. Мылтықбай Әбуайтов үшінші орынды жеңіп алды. Ал жасөспірімдер арасында өткен ел чем- пионатында Әшім Сағадат чемпион атанды.Республикалық "Жас барыс" турнирінде Талғат Жиентаев жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жалпы, шәкірттерімнің қай-қайсысы да осал емес.
Негізі, біздің көксеген армандарымыз көп. Келе жатқан жылы міне осы алға қойған мақсаттарымыз орындалса екен дейміз. Біздің жігіттер республикалық "Қазақ барысы" жарысында жүлдегерлер қатарынан көріне алмай жүр. Осы биікті бағындырғымыз келеді. Қостанайда бұған лайық азаматтар бар. Максим Гербер, Абылайхан Қасымханов және Тоқтар Жиентаевтардың келешегінен зор үміт күтемін өз басым. Сондай-ақ, қостанайлық палуандар арасынан әлі бір әлем чемпионы шыққан жоқ. Осы бағытта атқарар шаруа қомақты. Қой жылына артқан үмітіміз ақталсын деп тілеймін!
Ауылдарға көңіл бөлу керек ел ағалары