Жастарды жігерлендірген жарыс

Жастар ресурстық орталығында жыл бойы спортты дамытуға үлес қосқан Қостанай облысының Jastar Ligasy-ның үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.
Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы «Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысымен «КазТехПродукт» ЖШС бірлесе отырып, биыл Қостанай облысында алғашқы спорттық жоба бастаған еді. Өңір жастары 3 спорт түрінен жарысты: шағын футбол, волейбол және баскетбол. Топтық кезеңге барлық спорт түрлерінен 32 команда, плей-офф кезеңіне үздік 24 команда жолдама алған болатын. Жобаның алғашқы ойыны 25 маусымда басталды.
Жобаның қортындысы бойынша марапаттау рәсімінде Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев жеңімпаздарды құттықтап, спорттық жобаға атсалысқандарға алғысын білдірді.
Үздік көрінгендер әртүрлі аталым бойынша марапатталып, ақшалай сертификаттарға ие болды. Волейболдан 3-орын «Костанайский Локомотив» командасына, 2-орын «Намыс» ұжымына, 1-орын «Қызбел» тобына берілді.
Баскетбол ойынында қоланы «Brawl Stars», күмісті «Pulse» (Рудный қаласы) алса, «Шанс» жеңімпаз атанды.
Шағын футболдан 3-орын «Қасқырға» (Рудный қаласы), 2-орын «Астықжанға», 1-орын «Салават» ұжымына бұйырды.
Марапаттау рәсімінен кейін қайырымдылық аукционы ұйымдастырылып, одан түскен қаражат ауыр дертке шалдыққан балдырған Айарудың анасының шотына аударылды.
Гүлназ ТАҢАТҚАН

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓