“Замана жыршысы”

Аманкелді аудандық орталық кітапханада ақын, драмашы, прозашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуына орай "Замана жыршысы" атты поэзия кеші болып өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары ат салысып, ақын шығармаларынан өлеңдер оқыды.
Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады.
Э.Қайдарова,
 Аманкелді аудандық орталық кітапхана қызметкері.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓